ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 17:19
Pfizer Францияға 520 миллион еуро көлемінде инвестиция құяды
Америкалық Pfizer компаниясы Францияға бес жыл ішінде 520 миллион еуро инвестиция құюға ниет білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық Pfizer компаниясы Францияға бес жыл ішінде 520 миллион еуро инвестиция құюға ниет білдіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.
Pfizer компаниясының бас атқарушы директоры Альберт Бурла COVID-19 препараттарын өндіру мен зерттеуді қолдау мақсатында компания Францияда Paxlovid деп аталатын коронавирусқа қарсы препарат шығаратын Novasep француз фармацевтикалық компаниясымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.
2022 жылы Pfizer бүкіл әлем бойынша 120 миллионға дейін дәрі-дәрмек шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Pfizer онкология, сирек кездесетін аурулар, аутоиммунды аурулар саласындағы зерттеулерге қаражат салады.
Америкалық зертхана клиникалық сынақтарға қатысушылар санын арттыру үшін Франциядағы денсаулық сақтау мекемелерімен бірге жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также