ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 11:03
Pfizer қызметкері компания құпияларын ұрлады деп айыпталды
Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы қызметкерін құпия құжаттарды ұрлады, соның ішінде COVID-19 вакцинасына қатысты ұрлық жасады деп сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы қызметкерін құпия құжаттарды ұрлады, соның ішінде COVID-19 вакцинасына қатысты ұрлық жасады деп сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Сан-Диего федералды сотына берілген сот ісіне сәйкес, Чун Сяо Ли өзінің жеке шоттары мен құрылғыларына 12 мыңнан аса файлды рұқсатсыз жүктеу арқылы келісімшарт талаптарын бұзған. Талапкердің айтуынша, қызметкер Pfizer компаниясының бәсекелесіне жұмысқа ауысқысы келген.
Ол материалдардың ішінде Pfizer/BioNTech вакцинасына қатысты компанияның ішкі құжаттары және Pfizer компаниясының неміс серіктесімен қарым-қатынасы, сондай-ақ, қатерлі ісікке қарсы антиденелерге қатысты презентациялар бар.
Pfizer компаниясы статистика директорының көмекшісі болған Чун Сяо Ли құжаттарды заңсыз жүктеу дерегін жасырғысы келгенін айтты. Сондай-ақ, қызметкер 15 жыл жұмыс істегеннен кейін Pfizer-ден кетіп, Xencor фармацевтикалық компаниясына ауысқысы келгені туралы хабарланды.
АҚШ округінің судьясы Кэти Анн Бенчивенго бұрынғы қызметкерге Pfizer коммерциялық құпияларын пайдалануға уақытша тыйым салып, компанияның заңгерлері оның сақтай алатын шоттары мен құрылғыларын көре алатынын айтты. Судья тыйым салу үшін сот отырысын 9 желтоқсанға тағайындады.
Бұған дейін Pfizer АҚШ-та COVID-19-ға қарсы тәжірибелік препаратты қолдануға рұқсат алуға өтініш берген. Сонымен қатар, компания табысы төмен және орташа 95 елге дәріні тегін беруге шешім қабылдаған.
19 қарашада АҚШ Pfizer-мен дәрі-дәрмектің 10 миллион дозасын сатып алу туралы келісім жасайтынын жариялады. Кейінірек Денсаулық сақтау министрлігі "Паксловид" коронавирусына қарсы дәрі-дәрмекті сатып алу және Қазақстанға жеткізу туралы сұраққа жауап берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также