ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2022 | 16:16
Pfizer мен BioNTech 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинаны мақұлдауды сұрады
Pfizer мен BioNTech АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19 вакцинасын салуға рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Pfizer мен BioNTech АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) 6 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға COVID-19 вакцинасын салуға рұқсат беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Бүгінде компаниялар жоспарланған үш дозаның тек екі дозасына рұқсат сұрап жатыр. Сондай-ақ, BioNTech және Pfizer өкілдері осы жас тобына жанама әсерлерді шектеу үшін вакцинаның дозасын едәуір төмендетуге шешім қабылдағанын айтты.
12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған 30 микрограммен және 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған 10 микрограммен салыстырғанда 3 микрограмм вакцина салғызады.
Екі компания қазіргі уақытта 5 жасқа дейінгі балалар үш апта аралықпен екі дозаны, содан кейін екі айдан соң үшінші дозаны алады деп мәлімдеді. Алғашқы зерттеу нәтижелері бойынша, вакцинаның өте аз дозалары 2 жасқа дейінгі балаларда иммундық реакция тудырды.
Осы мәлімдемеден кейін көп ұзамай FDA сыртқы эксперт-консультанттар комитеті 15 ақпанда сұранысты қарастыратынын хабарлады. Егер мақұлданған болса, бұл АҚШ-тағы осы жас топ үшін жалғыз COVID-19 вакцинасы болады.
"Осы жастағы балалар үшін қауіпсіз және тиімді вакцинаның болуы агенттіктің дәрежесіне жақсы әсерін тигізеді", - деді FDA комиссарының міндетін атқарушы Джанет Вудкок.
Сонымен қатар, агенттік вакцина өндірушілерінен жақында омикрон штамының өсуіне байланысты өтініш беруді сұрағанын растады.
Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла Twitter-де вакцинаның үш дозасы ковидтің қазіргі және басқа да түрлерінен қорғанудың жоғары деңгейіне жету үшін қажет болады деп мәлімдеді.
"Егер екі дозаға рұқсат етілсе, ата-ана балаларына COVID-19 вакцинасын салғызуына мүмкіндік беріледі", - деді ол өз мәлімдемесінде.
АҚШ-та 5 жасқа дейінгі 23 миллионға жуық бала бар. Вакцинаны осы жастағы балаларға салдыру ата-аналардың мектепке дейінгі мекемелер мен балабақшалардың жабылмауы үшін күресуге көмегін тигізеді.
Бұған дейін АҚШ-та 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған Pfizer және BioNTech шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдану мақұлданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также