Полицейлер мүгедекке күш қолданып, артынша шабуыл жасады деп жала жапқан - Видео

Видеодан алынған кадр

Полицейлер 28 жаста?ы есі кем Пол есімді аутисті ?здеріне шабуыл жасады деп айыптап, оны жауапкершілікке тартуды талап еткен. О?и?а ?лыбританияны? Бристоль ?аласында бол?ан, - деп хабарлайды Daily Mail.

Полицейлер 28 жастағы есі кем Пол есімді аутисті өздеріне шабуыл жасады деп айыптап, оны жауапкершілікке тартуды талап еткен. Оқиға Ұлыбританияның Бристоль қаласында болған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Жиырма сегізде болғанымен Полдың ментал жасы жетіде деп бағаланады. Ол абайсызда көрші үйдің терезесін сындырып қойып, осы себепті оған полицейлер келген. Ес-ақылы бала күйде ер адам қашпақ болғанда, полицейлер оны шокермен жерге құлатқан. Кейін полицейлер жігітті өздеріне шабуыл жасады деп айыптайды. Осының салдарынан аутизмге шалдыққан Пол тұтқындалып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Дегенмен жігіттің анасы видеобақылау камерасындағы жазбаны ұлының кінәсіздігіне дәлел ретінде келтіреді. Дегенмен полиция бұл жазбаны қараудан бас тартқан екен. Соңында әйел адам жазбаны көруді талап етіп, ұлын ақтап қалды. 

Реклама
Реклама

Полицияның әрекетіне қатысты арыздарды қарау бойынша тәуелсіз комиссия полицейлердің әрекетін қылмыс емес, қателік деп тапты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама