Польшада әскери жойғыш ұшақ құлады

Палсенк елді мекеніні? ма?ында?ы Варминско-Мазурск воеводасында Польша ??К-ні? МиГ-29 жой?ыш ?ша?ы ??лады, - деп хабарлайды Sputnik Беларусь Польшаны? ?ор?аныс министрлігіне сілтеме жасап.

Палсенк елді мекенінің маңындағы Варминско-Мазурск воеводасында Польша ӘӘК-нің МиГ-29 жойғыш ұшағы құлады, - деп хабарлайды Sputnik Беларусь Польшаның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаның түнгі екіде болғаны хабарланып отыр, ұшақ жоспарлы ұшып-қону операциясын жүргізу барысында белгісіз себептермен басқаруды игере алмай, құлаған да өртенген.

"33 жастағы пилот Сакув елді мекенінде катапульталанған, бірақ аман қала алмаған", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері пилоттың 800 сағаттай ұшу өтілі болғанын, оның 500-ін МиГ-29-бен ұшқанын айтты. Марқұмның туыстарына қайғылы оқиға жайлы естірткен. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама