ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2020 | 11:45
Польшада 16 жастағы қазақстандықтың өлімі: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Agropolska.pl.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірген экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Agropolska.pl.
51 жастағы күдіктіде бұрын "көк карта" болғаны анықталды. Ол Польшада тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға беріледі екен.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, офицер агрессив мінез-құлқына, сондай-ақ алкогольге байланысты полициядан босатылды.
Бұдан бөлек, күдіктінің үш айға қамауға алынғаны айтылады. Экс-полицей өмір бойына немесе 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Польшадағы қазақстандық студенттің өліміне қатысты тергеу ерекше бақылауда - СІМ
Еске салайық, 1 қарашада Польшада 16 жастағы қазақстандықты аңшы атып өлтіргені хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасын барған кезде болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также