10 ақпан 2021 | 17:26

Польшада БАҚ өкілдері наразылық ретінде жұмысын бір күнге тоқтатты

Фото: elements.envato.com

Польшадағы медиа орталықтардың көбі жаңадан енізілген жарнама салығына наразылық білдіріп, бір тәулікке жаңалық таратуды тоқтатты, - деп хабарлайды Flick Prime.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Польшадағы медиа орталықтардың көбі жаңадан енізілген жарнама салығына наразылық білдіріп, бір тәулікке жаңалық таратуды тоқтатты, - деп хабарлайды Flick Prime.

Польшалық БАҚ өкілдерінің айтуынша, үкіметтің жарнамаға жаңа салық енгізуі, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға емес, баспасөз бостандығын бұзуға бағытталған.

"Үкімет жоспары жүзеге асса, біздің басылымды енді көрмеулеріңіз мүмкін",-деп жазылған басылымдардың бірінің веб-сайтындағы басты бетте.

Реклама
Реклама

Наразылыққа танымал ТВН24 жаңалықтар телеарнасы қатысты. Телеарна күні бойына "мұнда сіздің сүйікті бағдарламаңыз болуы керек еді" деген жазумен қара экранды трансляциялады. Акцияға "Онет" және "Интерия" ақпараттық порталы да қосылды. Олар да бірде-бір мақала жарияламады.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкийге жолданған ашық хатқа Польшаның ірі газеттері мен журналдары, сондай-ақ жетекші тәуелсіз телеарналарды қоса алғанда, 43 медиа ұйым қол қойды. Акция күн соңына дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта Парламентте компания көлеміне байланысты 2-ден 15 пайызға дейінгі коммерциялық жарнамадан түсетін қаржыға салық салу жобасы қарастырылып жатыр. Үкімет бұл коронавирус пандемиясынан зардап шеккен мемлекет қаржысын қалпына келтіру тәсілі деп хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная