09 қазан 2020 09:01

Польшада міндетті маска тағу режимі енгізілді

© РИА Новости

Польшада 10 қазаннан бастап қайтадан маска тағу режимі енгізілмек. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшада 10 қазаннан бастап қайтадан маска тағу режимі енгізілмек. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Мұндай шешім елде коронавирус тасымалдаушылардың саны күн сайын өсуімен байланысты қабылданған. Сәрсенбі 3003 жағдай, бейсенбі 4280 жағдай тіркелген. Эпидемия басталғалы науқастардың саны 111 599-ға жеткен. 

Реклама
Реклама

"Бұл үлкен цифрлар және біз оның санын азайтқымыз келеді. Біз 10 қазаннан бастап Польшаның барлық аумағында қазіргі "сары аймақтағы" ережелер енгізілетін болады", - деді Моравецкий баспасөз конференциясында. 

Ол бүкіл елде "мұрын мен ауызды жауып жүру" міндетті болатынын атап өтті. 

Айта кетейік, "қызыл" және "сары" аймақтарда COVID-19-ға байланысты басқа ереже мен шектеулер қабылданған. 

Екі аймақта да мұрын мен ауызды тіпті ашық жерлерде де міндетті түрде жауып жүру керек. Польшаның басқа аймақтарында масканы тек жабық жерлерде тағып жүру керек. "Қызыл" аймақта мейрамхана, паб және барлар тек 06:00 мен 22:00 аралығында жұмыс істей алады, дискотекалар мен клубтар жабылған.

Биыл көктемде Польшада маска тағу режимі енгізілген болатын, алайда бірнеше күннен кейін бұл ереже күшін жойған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram