14 ақпан 2022 20:11

Польшада омикрон штамының екі жаңа түрі анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Польшада омикрон штамының екі жаңа түрі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polskie Radio 24 басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшада омикрон штамының екі жаңа түрі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polskie Radio 24 басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вальдемар Краска мәлімдеді.

"Коронавирус күнделікті өмірімізден оңай кетпейді. Менің ойымша, белгілі бір әдеттер, біз үйреніп қалған ережелер, арақашықтық, дезинфекция, маска бізбен мәңгілік болмаса да біраз уақыт бірге болуы керек", - деді Краска.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, министр Польшада анықталған барлық коронавирус жұқтыру дерегінің 96 пайыз омикрон штамы екенін айтты. Польшада пандемия басталғаннан бері 5,4 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, 108 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram