18 наурыз 2022 | 14:59

Польшада украиналықтар үшін гривнаны злотаға айырбастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Фото ©REUTERS

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көптеген айырбастау пункті мен банктер Украина гривнасын қабылдауға құштар емес. Мұны олар Польшаға келген босқындардың көптігімен және гривнаның құнсыздануымен байланыстырады. 

Польшаның Ұлттық банкі (ПҰБ) Украинадан Польшаға қашқан 2 миллионға жуық босқынға гривнаны айырбастауға мүмкіндік беру үшін елдің ең ірі несие берушісі PKO Bank Polski-мен ынтымақтасады деп мәлімдеді.

Реклама
Реклама

ПҰБ мәлімдемесінде PKO Bank Polski барлық бөлімшелерінде гривнаны қабылдайтыны көрсетілген. Әзірге тек 100, 200, 500 және 1000 гривна номиналдары ғана қарастырылған. Бұл жағдайда бір адам бір уақытта 10 мың гривнадан артық айырбастай алады.

Reuters атап өткендей, гривна алмасу проблемалары Еуропаның басқа елдерінде де бар. Осыған байланысты босқындар ақшаны өте тиімсіз бағамен ауыстыруға мәжбүр. Олар ультра төмен айырбастау бағамын ұсынатын жосықсыз трейдерлердің құрбанына айналып жатыр. Бұл мәселені Еуропалық орталық банк күн тәртібіне алды.

Суреттер ©REUTERS агенттігінен

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная