09 наурыз 2020 | 10:18

Португалия Президенті 2 апта карантинде болады

© Dimitrios Karvountzis / Zuma / TASS

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза коронавирустың таралуына байланысты екі апта бойы өз еркімен карантинде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза коронавирустың таралуына байланысты екі апта бойы өз еркімен карантинде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Ел басшысының баспасөз қызметінің өкілдері, таяуда де Соуза мектеп оқушылары тобын қабылдады. Онда оқушыдан коронавирус табылуына байланыстың мектеп жабылған. Бұл ретте ауру жұқтырған бала мен оның сыныптастары президенттік сарайға бармаған.

Реклама
Реклама

"Республика Президенті, оның вирусты жұқтырудың симптомдары жоқ екеніне қарамастан, жақын арадағы екі аптада өзінің барлық көпшілік қызметін тоқтатуды шешті. Бұл шетелге жоспарланған сапарларға қатысты болады", - делінген мәлімдемеде.

71 жастағы Мемлекет басшысының денсаулық жағдайын дәрігерлер қадағалайтын болады. Президент карантинге қарамастан, резиденцияда жұмыс істеуді жалғастыратын болады.

Бас Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда Португалияда жаңа коронавирусты жұқтырудың 30 оқиғасы анықталған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная