Прокурор жала жабу ісі бойынша Навальныйға айыппұл салуды сұрады

Фото ©REUTERS

Прокурор ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға Ұлы Отан соғысының ардагеріне жала жабу туралы іс бойынша айыппұл салуды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Прокурор ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға Ұлы Отан соғысының ардагеріне жала жабу туралы іс бойынша айыппұл салуды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Навальныйға 950 мың рубль айыппұл салуды сұраймын", - деді прокурор Екатерина Фролова тараптардың жарыссөзінде.

Еске салайық, бүгін, 16 ақпанда іс бойынша үшінші отырыс өтіп жатыр. Дәлелдемелерді ұсыну кезеңі аяқталды, прокурордың сөзінен кейін Навальныйдың адвокаттары мен айыпталушы жарыссөзде көзқарасын білдіреді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, ресейлік ардагер Игнат Артеменко Ресей Конституциясына енгізілген өзгерістерді қолдады. Навальныйға қарсы қылмыстық іс оның осы видеоға қатысты берген пікіріне байланысты қозғалды. Тамыз айының соңында сот Навальныйдың сырқатына байланысты процесті тоқтата тұруға шешім қабылдады: сол кезде ол Германияда болды, бірақ қаңтардың ортасында Ресейге оралып, ұсталды, Содан кейін сот отырысы қайта басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама