ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2021 | 08:48
Протасевич берген "сұхбаттың" үзінділері жарияланды
Беларусьте NEXTA Telegram-арнасын құрған Роман Протасевич белорустың ОНТ телеарнасына берген сұхбатының жаңа үзінділері жарияланды. Видео мемлекеттік БЕЛТА агенттігінің Telegram-арнасына жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусьте NEXTA Telegram-арнасын құрған Роман Протасевич белорустың ОНТ телеарнасына берген сұхбатының жаңа үзінділері жарияланды. Видео мемлекеттік БЕЛТА агенттігінің Telegram-арнасына жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Беларусь журналистері ұсталған оппозиционердің "эмоциясын" көрсеткенін айтқан.
"Роман Протасевичтің Марат Марковқа берген сұхбатындағы эмоциясы. Бірнеше үзінді бірніші рет көрсетіледі. Сұхбат жазу кезінде камера өшірілген жоқ", - делінген видео сипаттамасында.
Үзіліс кезінде Протасевич пен тележүргізуші Марат Марков су ішіп, осыдан кейін журналист кадр сыртындағы жұмысшылардан камераны өшірген-өшірмегенін сұрайды.
"Әйтпесе Романға суына бірдеңе қосып берді деп айтар. Ішкізді деп", - дейді Марков. "Жоға, оныңыз не, маған әлі МҚК шындық суын ішкізеді ғой", - деп әзілдейді оған Протасевич.
Жазбада белсенді оппозицияда бірге болған серіктестері туралы айтады, сонымен қатар, көзіне жас ала отырып темекі шегуге рұқсат сұрайды.
Протасевич "сұхбат" барысында қашан көрсетілетінін сұрайды. "Монтажы қалай боларын көре жатармыз", - дейді оған сұрақ қойып тұрған адам.
3 маусымда кешке Беларусьтің ОНТ мемлекеттік телеарнасы Nexta Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы, оппозициялық блогер Роман Протасевичпен "сұхбат" жариялаған. Протасевич 23 мамырда Минскіге Ryanair ұшағы қонғаннан кейін ұсталған еді.
Бір жарым сағаттық видео барысында жігіт Беларусьтегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін кінәсін мойындағанын айтқан, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін билікке беру үшін және Беларусь оппозициясының жетекшілерінің бірі Светлана Тихановскаяны сынға алады. Сонымен қатар, Протасевич ел президенті Александр Лукашенкоға құрметпен қарайтынын айтады.
Блогердің ата-анасы олардың ұлы қорқыту мен азаптау немесе психотроптық заттардың әсерінен "кінәсін" мойындады деп санайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также