ПОДЕЛИТЬСЯ
12 тамыз 2021 | 10:59
Протасевич Тихановская туралы не ойлайтынын айтты
NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич RT арнасына берген сұхбатында Светлана Тихановская туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
NEXTA Telegram-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич RT арнасына берген сұхбатында Светлана Тихановская туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Протасевич Тихановская "қарапайым және тым ақкөңіл адам" екенін айтты. Ол оны саясаткер деп санамайды.
"Жоқ (ол саясаткер емес - ескерт.) және ешқашан болмайды", - деді Протасевич.
Осы сұхбаттың тағы бір үзіндісінде ол Тихановскаяға штабқа жұмысқа барғанына өкінетінін мойындады.
"Бұл - мен өкінетін нәрсе. Өйткені мен саясатқа араласып, оған батып кеттім. Журналист болып, біршама публицистика, тіпті насихат жобаларымен айналысу бір бөлек. Саяси құрылымдарда болу мүлде басқа нәрсе", - деп түсіндірді Протасевич.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также