Пуэрто-Рикода АҚШ-қа қосылу туралы референдум өтеді

Фото: pixabay.com

3 қарашада Пуэрто-Рикода арал мәртебесін анықтау туралы референдум өтеді. Тиісті заңға штат губернаторы Ванда Васкес қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

3 қарашада Пуэрто-Рикода арал мәртебесін анықтау туралы референдум өтеді. Тиісті заңға штат губернаторы Ванда Васкес қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Пуэрто-Рико АҚШ бақылауындағы еркін бірлестік болып саналады.

Реклама
Реклама

Рефендум барысында тұрғындарға "Пуэрто-Рико бірден АҚШ-тың құрамына қосылуы керек пе?" деген сұрақ қойылады.

3 қарашада губернатор сайлауымен қатар өтетін референдум нәтижесін АҚШ қабылдамайды. Бұл мәселеге қатысты нақты шешімді АҚШ конгресі шығарады. 

2018 жылы АҚШ конгресіндегі Пуэрто-Риконың тұрақты өкілі 2021 жылы Пуэрто-Риконы америкалық штат деп мойындау туралы заң жобасын ұсынған.

Осыған дейін де Пуэрто-Рико тұрғындары аралдың саяси мәртебесін референдум арқылы анықтамақшы болған. Соңғы рет ел тұрғындары 2017 жылы АҚШ-қа 51-ші штат ретінде қосылуға дауыс берген. Алайда  АҚШ-тың әділет министрлігі конгрестің дауыс беру нәтижесін қолдаған жоқ.

Айта кетейік, 1898 жылдан бері Пуэрто-Рико АҚШ территориясы болып танылды. Ел тұрғындары - АҚШ азаматтары, алайда олар президент сайлауында дауыс бере алмайды.

Сонымен қатар, Пуэрто-Риконың АҚШ Конгресінде шектеулі дауыс беру құқығына ие бір ғана өкілі бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная