ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2021 | 20:18
Путин алғаш рет Навальныйдың тергеуіне қатысты пікір білдірді
Ресей президенті Владимир Путин оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың "Путин сарайы" туралы фильміне алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путин оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың "Путин сарайы" туралы фильміне алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Мен сіздердің сұрақтарыңызға бірден жауап бергім келеді. Менің меншігім ретінде көрсетілгеннің бәрі маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болған емес. Ешқашан", - деді Путин Ресей университеттерінің студенттерімен онлайн кездесу барысында.
Оның айтуынша, ол бос уақыты жоғынан фильмді өзі көрмеген, бірақ көмекшілері әкелген видео үзінділерін қарап шыққан. Путин сарай туралы видеоны ресейліктерді "адастыруға тырысу" деп санайды.
"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыт бойы айтылып келеді. Қалай болғанда да, қазір бұл жай ғана ыңғайлы жағдай болған сыңайлы, осы материалдармен біздің азаматтарымызды адастыруға тырысты. Осылайша интернетте фильм бе, видеопрограмма ма, қосып жатыр", - деді Ресей президенті.
Путин Навальныйдың тергеуін монтаж әрі соның жиынтығы деп атады.
"Міне, менің баттерфляй стилінде жүзген суретімді жариялады. Қате болса да, кейде осылай жүзуді жақсы көремін. Мен ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Қайдағы бассейн екенін де білмеймін. Бірақ жүзгенім рас. Қашан және қайда дерсіздер? 2016 жылы Енисейде. Бұл жай топтастыру, монтаждау", - деді ол.
Путин сонымен бірге ешқашан бизнеспен айналыспағанын айтты. "Бизнеске ешқашан қызықпадым. Маған жат", - деді ол.
Еске салайық, Навальныйдың тергеуі 19 қаңтарда жарияланған. Онда Краснодар өлкесіндегі "Путин сарайы" туралы айтылады, оның аумағы Монаконың 39 княздігімен салыстырылады. Материалда мемлекеттік корпорациялардың жобаны қаржыландырудың сыбайлас жемқорлық схемасы сипатталған.
Кейінірек Кремль өкілі Дмитрий Песков Алексей Навальныйдың "Путин сарайы" фильмін тағы бір "информшабуыл" және "зерттеу-сымақ" деп атаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также