ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2022 | 09:00
Путин Батыс элитасын жаһандық дағдарыс туғызды деп айыптады
Ресейге қарсы санкциялар жаһандық дағдарысты тудырып, әлемдегі ең кедей елдер мен ЕО елдері үшін шешілмейтін салдарға әкеледі. Бұл туралы бейсенбі күні экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесте Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, - деп хабарлайды Euronews арнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейге қарсы санкциялар жаһандық дағдарысты тудырып, әлемдегі ең кедей елдер мен ЕО елдері үшін шешілмейтін салдарға әкеледі. Бұл туралы бейсенбі күні экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесте Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, - деп хабарлайды Euronews арнасы.
Путин Ресейге бағытталған шектеу шараларының салдары үшін Батыс элитасын кінәлады.
"Бұл үшін кінәлі толығымен Батыс елдерінің элитасы, олар өздерінің жаһандық үстемдігін сақтап қалу үшін әлемнің қалған бөлігін құрбан етуге дайын", - деді ол.
Путиннің пікірінше, шектен шыққан саяси амбициялар мен орысфобияны басшылыққа алған санкция авторлары өздерінің ұлттық мүдделері мен азаматтарының әл-ауқатына зиянын тигізуі ықтимал. Путин сондай-ақ, Ресей санкциялармен жақсы күресіп жатқанын айтты.
"Биыл жақсы өнім күтіліп отыр. Астық түсімі 130 миллион тоннаға жетуі мүмкін, оның ішінде бидай 87 миллион тонна. Егер нәтиже біз күткендей болса, бұл Ресей тарихындағы рекордтық көрсеткіш болады", - деді Ресей басшысы.
ЕО пен Жапония Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысты ұстанымдағы бірлігін көрсетті. Ресейге қарсы санкциялық қысымды жалғастыруға ниетті.
Саммиттен кейінгі баспасөз мәслихатында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Ресей-Қытай қарым-қатынастарына да алаңдаушылық білдірді.
"Мен бүгін Украинаға қарсы соғыс ашып әлемдік тәртіпке қауіп төндірген Ресей туралы айтқым келеді. Бұл Қытаймен қарым-қатынасты бұзуы мүмкін. Сондықтан жаңа күтпеген халықаралық қатынастарға шақырамын", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также