ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2022 | 09:07
Путин Батыс санкциялары мен Бучадағы оқиғалар туралы пікір білдірді
Украинадағы арнайы әскери операция жоспарға сай жүріп жатыр және оның "түсінікті әрі асыл" мақсаттары орындалады, ал Ресей экономикасы Батыс санкцияларына төтеп беріп жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен бірге "Восточный" ғарыш айлағына барған кезде айтты, - деп хабарлайды Euronews.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украинадағы арнайы әскери операция жоспарға сай жүріп жатыр және оның "түсінікті әрі асыл" мақсаттары орындалады, ал Ресей экономикасы Батыс санкцияларына төтеп беріп жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен бірге "Восточный" ғарыш айлағына барған кезде айтты, - деп хабарлайды Euronews.
"Қаскөйлер күткен блицкриг, әрине, болған жоқ, бұл анық. Біздің қаржы жүйеміз бен индустриямыз ырғақты жұмыс істеп жатыр", - деді Путин.
Сонымен қатар, Путиннің айтуынша, көрші елдің антиресейлік күштерімен қақтығыс болмай қоймады, өйткені олар "неонацизм өсімін әдейі арттырған".
"Өкінішке қарай, неонацизм бізге жақын, үлкен елде өмір шындығына айналды. Бұл анық нәрсе: одан қашып құтылмайтын едік, тек уақыт еншісінде болды. Бір жағынан адамдарға көмектесіп, оларды геноцидтен құтқарып жатырмыз, ал екінші жағынан Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдадық, басқа амалымыз болмағаны анық, бұл - дұрыс қадам. Ал мақсаттар орындалатынына күмән жоқ", - деді Ресей басшысы.
Сондай-ақ, Ресей президенті алғаш рет Бучадағы жағдай туралы айтып, ол жақтан тараған ақпараттың бәрі жалған екенін атап өтті.
"Сирияда арандатушылық жасалғанда, Асад үкіметі химиялық қару қолданғаны айтылған еді. Кейін бұл фейк екені белгілі болды. Буча да дәл осындай фейк", - деді ол.
Ал Лукашенко Бучада болған оқиғаны ұлыбританиялық арнайы операция деп санайды. "Бүгін біз олардың арнайы операциясын, ағылшындар жүргізген психологиялық арнайы операцияны талқыладық. Егер сіздерге олардың Бучадағы мекенжайлары, парольдері, көлік нөмірлері, мөрлері қажет болса, Ресей ФҚК бұл материалдарды бере алады", - деді Беларусь президенті.
Ресей әскерилері азат еткен аумақтарда қаза тапқан бейбіт тұрғындарды тапқаннан кейін Батыс елдері Ресейді әскери қылмыс жасады деп айыптаған, енді оның дәлелдері Халықаралық қылмыстық сотқа ұсынылмақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также