10 шілде 2023 | 17:52

Путин бүліктен кейін Кремльде Пригожинмен кездескен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин бүлік жасау әрекетінен бес күн өткен соң Кремльде "Вагнер" ЖӘК басшылығымен кездесті. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдеріне Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин бүлік жасау әрекетінен бес күн өткен соң Кремльде "Вагнер" ЖӘК басшылығымен кездесті. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдеріне Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Расында, президентте ондай кездесу болды. Ол 35 адамды шақырды. Барлық жасақ командирлері мен компания басшылығын. Оның ішінде Пригожиннің өзі бар. Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде өтті. Ол үш сағатқа созылды", - деді Песков журналистерге.

Песков бұл кездесудің егжей-тегжейі белгісіз екенін атап өтті."

Реклама
Реклама

"Бір ғана айта алатынымыз, президент арнайы әскери операция барысында компанияның майдандағы әрекеттеріне баға берді, сонымен қатар 24 маусымдағы оқиғаларға бағасын берді. Путин командирлердің түсініктемелерін тыңдап, оларға жұмысқа орналасудың және одан әрі жұмыс орындарының нұсқаларын ұсынды", - деді Песков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная