24 ақпан 2022 | 09:03

Путин Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді

Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Жағдай қандай да бір шешім қабылдауды және жедел әрекет етуді талап етеді. Донбасс Халық республикалары Ресейден көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералды жиналыс бекіткен ДХР мен ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы келісімдерді орындау үшін мен арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдадым", - деді Путин ресейліктерге үндеуінде.

Путин Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялау жоғын атап өтті. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, РФ басшысы Ресейге қауіп төндіруі мүмкін ішкі күштерге үн қатты. Оның сөзінше, Ресейдің жауабы көп күттірмейді. 

"Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Барлық қажет шешім қабылданды", - деді Путин. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram