ПОДЕЛИТЬСЯ
24 наурыз 2022 | 08:58
Путин газды Еуропа мен АҚШ-қа рубльмен сату туралы шешімін жариялады
Ресей президенті Владимир Путин көгілдір отынды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресей рублімен сату туралы шешімін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол үкімет мүшелерімен кездесуде айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путин көгілдір отынды Еуропа елдері мен АҚШ-қа ресей рублімен сату туралы шешімін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол үкімет мүшелерімен кездесуде айтты.
"Тауарларымызды Еуропалық одаққа, АҚШ-қа жеткізіп, төлемді доллармен, еуромен және бірқатар басқа валютамен алудың мағынасы жоқ екені түсінікті. Сондықтан мен қысқа мерзімде төлемді аудару бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруды ұйғардым. Көгілдір отын достастық жоқ елдерге Ресей рублімен жеткізіледі. Яғни, мұндай есептеулерде барлық валюталарды пайдаланудан бас тарту", - деді Путин.
Ол Ресей табиғи газды бұрын жасалған келісімшартта бекітілген көлем мен баға белгілеу қағидаттарына сәйкес жеткізетінін атап өтті.
"Кейбір әріптестерден айырмашылығы, біз сенімді серіктес және жеткізуші ретіндегі беделімізді бағалаймыз. Өзгерістер тек ресейлік рубльге ауыстырылған төлем валютасына ғана әсер етеді", - деді Ресей президенті.
Осындай мәлімдемені "Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин де жасады.
"Енді барлық сыртқы келісімшарттарды рубльмен жасаймыз", - деді ол "Первый канал" телеарнасындағы "Большая игра" бағдарламасында, деп хабарлайды РИА Новости.
Еске салайық, 10 наурызда АҚШ Конгресі өкілдер палатасы Ресейден энергетикалық ресурстарды, оның ішінде мұнай мен газды импорттауға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также