ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2021 | 16:14
Путин Қазандағы атысқа қатысты мәлімдеме жасады
Ресей президенті Владимир Путин Қазандағы қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Ол денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мен білім министрі Сергей Кравцовқа атыс болған мектепке баруды тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путин Қазандағы қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Ол денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мен білім министрі Сергей Кравцовқа атыс болған мектепке баруды тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Владимир Путин Қазандағы жағдайға қатысты тиісті министрліктер және арнайы қызметпен байланыста болады, деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Бүгін президент Мәскеудегі Кремльде жұмыс істейді. Әрине, ол күні бойы Қазандағы жағдайға қатысты хабардар болады. Қазір ең бастысы зардап шеккендерге көмек көрсету. Президент Денсаулық сақтау, Білім министрлігі және Үкіметпен, сондай-ақ арнайы қызмет басшыларымен байланысын жалғастырады", - деді Песков.
Оның айтуынша, министр Кравцов пен Мурашко қазіргі уақытта Қазанға ұшуға дайындалып жатыр.
Сонымен қатар, Путин Үкімет төрағасы Михаил Мишустинмен, Ресей вице-премьері Татьяна Голиковамен және ТЖМ басшысы Евгений Зиничевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар Қазандағы жағдайды талқылады.
"Оқиғаның егжей-тегжейі баяндалды. Сондай-ақ, президент Үкімет төрағасы Мишустинмен, вице-премьер Голиковамен, сонымен қатар ТЖМ басшысы Зиничевпен телефон арқылы сөйлесті", - деді Песков.
Еске салайық, Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды. БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды.
Қазанда терроризмге қарсы режим енгізіліп, 12 мамыр аза тұту күні деп жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также