ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мамыр 2022 | 01:48
Путин кешірім сұрады. Бірақ бұл сөзін баспасөз хатшысы жоққа шығарды
Владимир Путин Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың сөздері үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттің кеңсесіндегілерИзраиль премьері мен РФ президенті арасындағы телефон арқылы болған әңгімеде айтылғанын мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Владимир Путин Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың сөздері үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттің кеңсесіндегілерИзраиль премьері мен РФ президенті арасындағы телефон арқылы болған әңгімеде айтылғанын мәлімдеді.
Премьер-министрдің кеңсесі әңгімелесу нәтижелері туралы былай деп хабар таратты: "Олар Ресей сыртқы істер министрінің мәлімдемелерін талқылады. Путин премьер-министрден Лавровтың сөзі үшін кешірім сұрады, премьер оның кешірімін қабыл алды. Премьер президенттің еврей халқына көзқарасы мен Холокостқа құрметі үшін алғыс айтты".
Сонымен қатар, көшбасшылар Украинадағы жағдайды талқылаған, нақтырақ айтсақ, "Азовсталь" зауытынан эвакуациялау сөз болыпты.
"Президент Путин бейбіт тұрғындарды, оның ішінде жарақат алғандарды БҰҰ мен Қызыл Крест дәлізі арқылы эвакуациялауға уәде берді", - делінген Израиль тарапы таратқан хабарда.
Мұнымен қатар, ресейлік "МК" басылымының жазуына қарағанда, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин мен Нафтали Беннет РФ СІМ басшысы Сергей Лавровтың атышулы мәлімдемелерін талқылады ма деген сұраққа әңгіме тақырыптары Кремль баспасөз қызметі таратқан хабарламада атап өтілгенін айтып жауап берді. Бірақ бұл хабарламада мұндай тақырып болмаған.
Түсіндіре кетейік. Бұл дау РФ СІМ басшысы Сергей Лавровтың италиялық "Медиасет" телекомпаниясына берген сұхбатындағы мәлімдемесінен шыққан. Онда шенеунік мынадай даулы сөз айтқан болатын: "қателесуім мүмкін, бірақ Гитлердің де қанында еврей қаны болған". Сондай-ақ, ол көп жағдайда еврейлердің өзі антисемит болып шығатынын мәлімдеген. Бұдан кейін Беннет мұндай мәлімдеме айтылуына жол берілмеуі керегін атап өткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также