ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2019 | 09:53
Путин конституциядағы президент туралы екіұшты ескертпені алып тастауға болатынын айтты
Ресей президенті Владимир Путин конституциядағы президенттік мерзімде "қайта сайлау" туралы түсінікті алып тастауға болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путин конституциядағы президенттік мерзімде "қайта сайлау" туралы түсінікті алып тастауға болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бізде екі мерзім қатарынан болып, артынша бұл қызметтен кеткеннен кейін президент лауазымына қайта келуге конституциялық құқығы бар. Себебі бұл - екі мерзім қатар сайлану деп есептелмейді. Бірақ ол біздің кейбір саясаттанушыларымыз бен қоғам қайраткерлеріне ұнамайтын көрінеді. Сондықтан "қайта сайлау" деген түсінікті алып тастауға болатын шығар", - деді Путин бейсенбідегі баспасөз конференциясында.
Владимир Путин РФ конституциясындағы бұрынғы өзгерістер тек мерзіміне қатысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Путин конституция қоғамның дамуына үлесін қосатын жаны бар құрал екенін айтты. Путиннің сөзінше, конституцияның басты бөлігін не жаңа негізгі заң қабылдаудың қажеті жоқ. Алайда Ресей басшысы парламенттің, президенттің және үкіметтің құзыретін кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізілуі мүмкін, бірақ мұны "әзірлеуден, қоғамдық талқылаудан өткеннен кейін және талдауды мұқият жүргізгеннен кейін ғана жасау керегін" мәлімдеді.
Показать комментарии
Читайте также