Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің келіссөздері Швейцариядағы Ла Гранж вилласында өтеді. Бұл туралы Швейцария Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Байден мен Путиннің кездесуі 16 маусымда әйгілі Ла Гранж вилласында өтеді. Швейцария екі елге де Женеваны таңдауда көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіреді", - делінген Швейцария сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.
16 маусымда Женевада Ресей - АҚШ саммиті өтеді. Тараптар халықаралық күн тәртібін, аймақтық қақтығыстарды, сондай-ақ, коронавирус пандемиясымен күресті талқылайды.
Фото: REUTERS
Ла Гранж вилласы XVIII ғасырда салынған, ол Женева көлінің маңында орналасқан.
Фото: REUTERS
Reuters мәліметінше, Швейцария полициясы мен әскері вилланың айналасындағы екі саябақты жауып, баррикадалар мен тікенді сымдар орнатып қойған.
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!