ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2020 | 10:57
Путин мен Ердоған Идлиб бойынша келісімге келді
Кремльде Владимир Путиннің Түркия президенті Тайип Ердоғанмен келіссөздері аяқталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кремльде Владимир Путиннің Түркия президенті Тайип Ердоғанмен келіссөздері аяқталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей мен Түркия президенттерінің Кремльдегі келіссөздері 5 сағат 40 минутқа созылды. Оның ішінде үш сағат бойы әңгіме көзбе-көз өтті. Нәтижесінде мынадай шешімге келді:
Сириядағы жағдайды реттеу жөнінде құжаттарға қол қойылды. 6 наурыздың түнінен бастап әскери әрекеттерді тоқтату. Ресей мен Түркия Сириядағы М4 тас жолынан солтүстікке және оңтүстікке қарай ені алты шақырым болатын қауіпсіздік дәлізін құрады.Ресей мен Түркия 15 наурыздан бастап М4 тасжолын бірлесіп патрульдеуді бастайды.
Путиннің айтуынша, Ресей Сирияда болып жатқан жағдайға Түркия тарапынан айтылатын мәлімдемелерімен әрдайым келісе бермейді, алайда елдер арасындағы жақсы қарым-қатынастың арқасында олар қиын сәттерде ортақ шешім таба алады.
Ал Ердоған аймақтағы жағдайды ушықтырып алмау мақсатында Түркия оқ атуды тоқтату үшін барлық қажетті шараны жасайтынын атап өтті.
Ресей сириялық қақтығыста президент Башар Асадтың режимінің бірден-бір одақтасы саналады. Ресей әскери авиациясының қолдауымен Асад әскерлері Идлиб провинциясында шабуыл жасады, бұл Түркия қолдайтын террористер мен сирия оппозициясының соңғы ошағы.
Еске салайық, 28 ақпанға қараған түні Идлибте Сирия әскерінің соққысынан 33 түрік әскери қызметкері қаза тапты. Оған жауап ретінде Түркия жерден және ауадан соққы жасады. Ердоған әскери қақтығыстың ушығып тұрған кезінде ЕО-ны босқындар жөніндегі келісімді сақтамағаны үшін айыптап, 28 ақпанда Еуропамен шекараны ашуға шешім қабылдады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также