Путин Навальныйды қолдау акциясы туралы пікір білдірді

© Reuters

Ресей президенті Владимир Путин елде оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды қолдауға арналған жаппай наразылықтарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путин елде оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды қолдауға арналған жаппай наразылықтарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, қарсы күштер адамдардың осы уақытқа дейін жиналған ашуы мен наразылығын дәл осы сәтте Навальный арқылы пайдаланып отыр.

"Енді адамдардың наразылыққа шыққаны туралы айтайын, оның ішінде бұл айыпталушы үшін шықпағандар да бар. Иә, сіздер дұрыс айтып отырған шығарсыздар. Мәселе қайда екенін білесіздер ме? Осы фигурантты да қолданып отыр ғой. Қазір әлемнің барлық елінде, соның ішінде бізде де адамдар шаршады, ішінде ыза жиналып қалды, наразылық пайда болады, оның ішінде өмір жағдайына, табыс деңгейіне", - деді Путин ресейлік БАҚ редакторларымен кездесуде. Кадрларды "Россия 24" телеарнасы көрсетті.

Реклама
Реклама

Ол қазір "адамдардың өмірі нашарлай бастағанын" айтты. "Не айтсаң да: пандемия, пандемия емес, өмір нашар... Кім кінәлі? Басшылық. Биліктің үлесі осы, не шара... Мұны Еуропа да, басқа елдер мен Штаттар да қолданып қалуға тырысады. Бұл жағдайды қарсы күштер пайдаланып отыр. Бізде де мұндай бар. Пайдаланды да! Әрине, олар осыны көздеді", - деді Ресей президенті.

Еске салайық, тұтқындалған Навальныйды қолдау акциясы 23 қаңтарда Ресейдің түрлі қаласында өтті. Ол биліктің көптеген ескертуіне, соның ішінде COVID-19 жұқтыру қаупі туралы ескертулерге қарамастан 31-іне дейін жалғасты. Митингілерде бірнеше мың адам ұсталды. Ресей билігі бұл акцияларды "келісілмеген" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама