21 ақпан 2022 | 15:45

Путин Ресей Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің жоспардан тыс отырысын өткізеді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің жоспардан тыс отырысын өткізеді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кремль өкілі Путиннің сөзі ашық режимде көрсетілетінін баса айтты. Песков кейінірек есеп беруге уәде беріп, кездесу тақырыбын айтудан бас тартқан.

"Дүйсенбіде өтетін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы төтенше немесе кезекті отырыс па деген сұраққа ол: "Жоқ, бұл кезекті отырыс емес", - деп жауап берген.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Путин бүгін телефон арқылы бірнеше халықаралық әңгіме жүргізеді.

Айта кетейік, 20 ақпанда Франция президенті Эммануэль Макрон Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Тараптар "норманд форматында" кездесуге келіскен. Осыдан кейін Макрон Украина мен АҚШ президенттері Владимир Зеленский мен Джо Байденге, одан кейін Путинге тағы телефон соқты. 21 ақпанға қараған түні Байден мен Путиннің саммитке қатысуға келіскені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная