11 қыркүйек 2020 | 08:56

Путин Сербия президентінен кешірім сұрады

Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Сербия президенті Александр Вучичтен СІМ өкілі Мария Захарованың жазбасы үшін кешірім сұрады, Захарова бұл жазбасында серб делегациясының Вашингтонға баруын "Основной инстинкт" фильміндегі кадрмен сипаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Сербия президенті Александр Вучичтен СІМ өкілі Мария Захарованың жазбасы үшін кешірім сұрады, Захарова бұл жазбасында серб делегациясының Вашингтонға баруын "Основной инстинкт" фильміндегі кадрмен сипаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

10 қыркүйекте Путин мен Вучич телефон арқылы сөйлескен, оған дейін серб президенті Лавровпен сөйлескен.

Реклама
Реклама

"Президент Путимен тамаша әңгімелестік. Ресей президентімен жиі консультация болып тұратынын ұмытпаңыздар. Мария Захарованың ағат жазбасынан кейінгі әсерден Ресейдің маған деген және Сербияға деген қарым-қатынасын көрген шығарсыздар", - деп мәлімдеді Вучич бейсенбіде ұлттық телеарна эфирінде.

"Президент Путин менен ешқашан ешнәрсе үшін кешірім сұрамаған, Сергей Лавров та. Ал осыдан кейін (Захарованың жазбасынан кейін) екеуі де кешірім сұрады. Оның үстіне мен бұл жайтты айтпағанмын, тәртіпті адам ретінде ешқашан бұл туралы айтпас едім. Біздің қарым-қатынасымыз жақсы деп есептеймін, бұл мен үшін өтпелі, маңызы жоқ оқиға деп санаймын", - деді Сербия президенті.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те Путиннің Вучичтен кешірім сұрағанын растады. "Иә, солай", - деді Песков РИА Новостиге.


Дмитрий Песков. © РИА Новости

4 қыркүйекте Сербия президенті Ақ үйде Дональд Трамппен кездескен. Осы кездесудегі бір суретке қатысты Facebook желісінде Мария Захарова пікір білдірген. Ол Ақ үйдегі Трамп пен Вучичтің келіссөзін жауап алумен салыстырып, "Основной инстинкт" фильмінің кадрын жариялаған.

"Сізді Ақ үйге шақырып, орындықты дәл осылай, жауап алудағыдай қойса, Сіз #2 фотодағыдай отырыңыз. Кім болсаңыз да. Маған сеніңіз", - деп жазды ресейлік СІМ өкілі. 

Бұл жарияланымды Сербия ресми тұлғалары сынап тастады. Захарова болса кешірім сұрап, жазбасы дұрыс түсінілмегенін мәлімдеді. "Мен айтқым келген бір ғана мәні - "ерекше" тараптың тәкаппарлығы", - деп түсіндірген ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная