Путин: Тарихты бұрмалауға тырысқандардың аузын жабамыз

Путин: Тарихты бұрмалауға тырысқандардың аузын жабамыз © ТАСС

Ресей Президенті Владимир Путин ардагерлермен кездесу барысында елде Екінші дүниежүзілік соғыс туралы архив құжаттары, кино мен фотоматериалдары орталығы ашылатынын айтты. Путиннің сөзінше, "осылайша олар тарихты бұрмалауға тырысқандардың аузын жаппақ". Мемлекет басшысының сөзін Кремль баспасөз қызметі келтірді. 

"Тарихты бұрмалап, оны өтірік көрсетіп, өз Отанын және бүкіл әлемді обадан - нацизмнен қорғау жолында қаза тапқан әкелеріміздің, аталарымыздың, қаһармандарымыздың рөлін кемсітуге тырысып жатқандардың аузын жабамыз", - деді Путин. 

"Бұл орталық тұрғындарымызға, бүкіл әлемге ашық болады. Сол тырысқандарға тарихты басқаша қылып көрсетуге жол бермейміз. Былғанған ауызды құжаттармен мәңгіге жабатынымызды қайта айтайын", - деді ол. 

Жарнама
Жарнама

"КСРО-ның басқа халықтарының, орыс халқының құрбан болғанын ешқашан ұмытпауымыз керек. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағы жоғалтқан әскердің 70 пайызы РКФСР-ден, яғни бүгінгі Ресейден болған. Дөрекі болса да, тағы қайталағым келеді: бір сәттік саяси мақсатына жету үшін шетелдік кей тұлғалардың ашқан аузын шынайы құжатпен жабамыз", - деді Ресей Президенті.

Бұған дейін еурокомиссар Вера Юрова Путинді "тарихи деректерді бұрмалады" деп айыптап, Екінші дүниежүзіліс соғысты бастауға жауапты тарапқа қатысты Польша мен Ресейдің дауында поляктарға қолдау көрсеткен болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама