Путин тұрған барлау академиясының бөлмесі көрсетілді
Ресейдің Сыртқы барлау академиясы (Мәскеуде орналасқан) "Звезда" телеарнасына Ресей президенті Владимир Путин тұрған бөлмені көрсетті.
Ресейдің Сыртқы барлау академиясы (Мәскеуде орналасқан) "Звезда" телеарнасына Ресей президенті Владимир Путин тұрған бөлмені көрсетті.
"Код доступа" бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, академия студенті бола тұра Путин стандартты, басқалардан өзге емес екі бөлмеде тұрған. Алайда, ол құпия мақсатында тегін Платов деп таныстырған екен.
Телеарнаның мәліметінше, бөлменің қазіргі жағдайы бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда өзгерген. Кадрдан бөлменің ішінде үш төсек, орындықтар, аласа шкаф барын аңғаруға болады.
Видеода бөлменің нөмірі көрсетілмегенін байқауға болады. Оның себебін, жүргізуші академия студентері танымал бөлмеде тұрамын деп сөзге келіп қалмауы үшін жасалынғанын айтты.
Сыртқы барлау академиясы - Ресейдегі ең құпия оқу орындарының бірі. Ол пансион схемасы бойынша жұмыс істейді. Бұл жерде студенттер бес күн бойы оқып, демалыс күндері үйлеріне жіберіледі.
Академияның үздік түлектері ішінде, танымал: Владимир Путин, Сергей Нарышкин, Григорий Рапота, Сергей Чемезов, Сергей Иванов, Николай Токарев бар.