ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2022 | 18:40
Путин Украинамен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді - ТВ
Ресей президенті Владимир Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинамен жоғары деңгейде келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытай Орталық телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресей Украинамен жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуге дайын деп мәлімдеді Путин", - делінген Қытай сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасалған хабарда.
Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Украинадағы жағдайдың ушығуын талқылағаны айтылған. Сондай-ақ, ҚХР төрағасы әңгіме барысында Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуді жақтағаны айтылады.
Песковтың мәліметінше, Путин Украинамен келіссөз жүргізу үшін Ресей делегациясын Минскіге жіберуге дайын.
Оның айтуынша, Ресей делегациясы құрамына Қорғаныс министрлігі, СІМ және Кремль әкімшілігінің өкілдері кіреді.
"Зеленский Украинаның бейтарап мәртебесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Басында Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға, соның ішінде Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау арқылы көмектесу екенін айтқан еді. Бұл - бейтарап мәртебенің ажырамас бөлігі", - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге шақырғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также