25 сәуір 2022 | 09:02

Путин Украинаның көп аймағын басып алмақ - Financial Times

© Reuters

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның көп аймағын басып алмақ, себебі ол соғысты басқа қалай тоқтату керегін білмейді. Бұл туралы Financial Times басылымына Путиннің айналасындағы жақын адамдар деп саналатын Кремльдегі үш дереккөз айтқан, - деп хабарлайды "Украинская правда".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның көп аймағын басып алмақ, себебі ол соғысты басқа қалай тоқтату керегін білмейді. Бұл туралы Financial Times басылымына Путиннің айналасындағы жақын адамдар деп саналатын Кремльдегі үш дереккөз айтқан, - деп хабарлайды "Украинская правда".

Дереккөздердің мәліметінше, наурызда Путин расында ресейлік әскердің жолы болмағаннан кейін Украинамен келісімге келу туралы ойлаған. Бірақ қазір жағдай өзгерген. 

Қара теңіздегі "Мәскеу" крейсері апатынан кейін дереккөздердің мәліметінше, Ресей президенті ашуланып, жазбаша келісімге келу туралы идеясынан бас тартқан. 

Реклама
Реклама

"Қандай да бір келісімге келеді деген үміт болды. Путин ары-бері ойланды. Бұл жағдайда қалай жеңіске жету керегін ойлап, шешімін таппақ болды. "Мәскеу" крейсері апатқа ұшырағаннан кейін Путин ол ешқандай келісімге қол қоймайтынын ұқтырды. Енді ол өзін жеңімпаз ретінде көрмейді, себебі крейсердің апаты ол үшін ұят болды", - дейді дереккөздердің бірі.  

Тағы бір дереккөз журналистерге ресейлік телеарнада айтылып жатқан нәрсе рас екенін, Путин "ұлы жеңіске" жетпек екенін айтты. FT дереккөзі генералдар Путин не естігісі келсе соны жеткізетінін, сондай-ақ оның айналасындағылар ресейлік телеарналарда көрсетілетін насихаттау әрекеттерін көрсетіп жүргенін айтады. 

Путин жақын адамдарымен әңгімелескенінде ресейлік әскер Мариупольдегі бейбіт халыққа, оның ішінде, "Азовсталь" зауытындағы адамдарға оқ атылмағанын айтыпты-мыс. 

Ресей президенті Зеленскиймен кездесуден қашатынын, "әзірге кездесу уақыты келмегенін" айтады. Кремль дереккөздері алдымен Путин кездесу үшін ресейлік әскер Украинаның біраз аймағын басып алуы керегін айтқан.  

Кейбір ресейлік шенеуніктер Путин Украинада ядролық қару қолдануы мүмкін деп алаңдап отыр.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная