ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2019 | 09:49
Путинге қатысты былапыт сөзді эфирге шығарған телеарна хабар таратуын тоқтатты
Ресей президенті Владимир Путиннің атына айтылған былапыт сөздерге жол берген грузиялық "Рустави 2" телеарнасы хабар таратуын тоқтатты. Бұл туралы телеарнаның бас директор Ника Гварамия мәлімдеді. Бұл туралы хабар арнаның сайтында жарияланды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путиннің атына айтылған былапыт сөздерге жол берген грузиялық "Рустави 2" телеарнасы хабар таратуын тоқтатты. Бұл туралы телеарнаның бас директор Ника Гварамия мәлімдеді. Бұл туралы хабар арнаның сайтында жарияланды.
Гварамия телеарна қызметкерлеріне қауіп төнгенін және компания ғимаратының жанында митингіге шыққан наразылық білдірушілер тарапынан шабуылға ұшырайтынын айтты. Ол Грузияның ішкі істер министрлігін журналистерді қорғауға шақырды. Телеарна репортерлерге қауіпсіздік қамтамасыз етілгеннен кейін хабар таратуды жалғастыруға дайын болады.
Бұған дейін "Рустави 2" тележүргізуші Георгий Габунияның сөздері телеарнаның позициясын білдірмейтіні айтылған мәлімдеме жариялаған еді. Компания журналистің Путиннің атына жазған сөздері үшін кешірім сұрады, алайда Габунияның жұмыстан босатылмайтынын хабарлаған. Телеарна Грузия билігінің ұстанымына байланысты қауіптеніп, оны цензураның көрінісі деп есептеді.
Ел Президенті Саломе Зурабишвили Габунияның бұл әрекетін айыптады. Ол мұндай мінез-құлық грузин дәстүіне қайшы екенін және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуіне ықпал ететінін айтты. Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзе де тележүргізушіні сынға алды.
Георгий Габуния "Рустави 2"телеарнасында P.S авторлық бағдарламасын жүргізеді. 7 шілде күні кешке ол бағдарламасын Путиннің атына былапыт сөз айтудан бастаған. Габуния Ресей президентін "басып алушы" деп атап, сондай-ақ Путинге және "оның құлдарына "біздің әдемі жерімізде" орын жоқ"деп мәлімдеген.
Бұл "Рустави 2"ғимаратының жанында наразылық акциясына себеп болды. Митингілер "Рустави 2-сіз Грузия" деп дауыстап, сыпырғыштарды телеарна кеңсесіне қарай лақтырады. Олар мұндай мәлімдемелер Ресей мен Грузия арасындағы қатынастарға зиян келтіреді деп қауіптенеді.
Показать комментарии
Читайте также