23 мамыр 2018 10:12

Путинге Ресей медицинасының нашарлығына шағымданған келіншек ауыр дерттен көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© scientificrussia.ru © scientificrussia.ru

Ресей президентіне елдегі медицинаның сапасыздығына шағымданған Мурман облысының тұрғыны қатерлі ісіктен көз жұмды, -деп хабарлайды РИА Новости


Ресей президентіне елдегі медицинаның сапасыздығына шағымданған Мурман облысының тұрғыны қатерлі ісіктен көз жұмды, -деп хабарлайды РИА Новости

2017 жылдың 15 маусымында тікелей желі арқылы Дарья Старикова мемлекет басшысы Владимир Путинге өзін ұзақ уақыт бойы қате диагнозбен емдеп, қатерлі ісік әбден меңдеген кезде ғана анықтаған дәрігерлер жайлы айтқан. Президент оған емделуге көмектесуге уәде берген. Елдің Тергеу комитеті келіншекті емдеген дәрігерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша іс қозғады. 

Старикованы Мәскеуге жіберіп, ол жерде қыз химиятерапия қабылдаған. Ал былтыр желтоқсанда оған операция жасалды. Қатерлі ісік толықтай алынып, науқастың жағдайы жақсы екені хабарланған болатын. Ол тіпті жаңажылдық мейрамда өз үйіне барып қайтқан. Кейін ол туралы жаңалықтарда айтылмады. 

"Өкінішті, медицина құдыретті емес. Бүгін таңғысын білдім. Даша өзінің туған қаласы Апатитыда жерленеді", - деп хабарлады қалалық әкімшілік басшысы Николай Бова.

Оның сөзінше, кейінгі уақытта әкімдік те келіншекке қол ұшын беріп жүрген. Қазір оның қызына қамқоршы алынып, оған барлық төлем жасалады. 

Аймақ басшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір муниципалитет, аймақтық билік пен қала құраушы мекемелер марқұмның отбасына көмектесіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети