ПОДЕЛИТЬСЯ
25 желтоқсан 2019 | 09:42
Путинге тікелей эфирде сұрақ қойған журналист жұмыстан шықты
"Ямал-Регион" телерадиокомпаниясының журналисі Алиса Яровская жыл сайын өтетін баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путинге сұрақ қойған соң жұмыстан шығуға мәжбүр болды, - деп жазады Znak.com мен Ura.ru басылымдары.

Журналист президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметінше, бастапқыда көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған. Жиында Яровская Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов құрылыс жұмыстары жүруі үшін барлығын жасап жатқанын, бірақ жобаның жүзеге аспай жатқанын айтқан.
Бірақ шенеуніктер Яровскаяның бұл сұрағына наразы болды. Олар өңір басшысының мұндай белсенділігін аса құптамайды дейді. Телеарна редакциясы басқа сұрақ қоюы тиіс болған екен.
Яровская РИА Новости басылымына берген сұхбатында жұмыстан өз еркімен кеткенін айтады. Бірақ ол нақты қандай себеп болғанын айтпады.
Губернатор Дмитрий Артюховтың баспасөз қызметі журналистің өз еркімен жұмыстан шыққанын растады.
"Баспасөз қызметіндегілерде оны жұмыстан шығарып жіберді деген ақпарат жоқ. Бүгін Алиса Яровская өз еркімен жұмыстан шығу үшін өтініш жазды", - деп хабарлады губернатордың баспасөз қызметі.
Показать комментарии
Читайте также