ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2019 | 10:51
Путиннің ұшағымен бірге Су-57 жойғыштары ілесіп ұшты
Ресей президенті Владимир Путин Ахтубинскіге барды. Президент Астрахань облысында әскери-өнеркәсіптік комиссияны дамыту мен әскери құрылыс мәселелері бойынша сессия жиналысына қатысты. Сондай-ақ ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Президенттің ұшағымен бірге алты Су-57 жойғыш ұшақтар тобы ілесіп жүрді. Жаңа жойғыштар әуеге В. П. Чкалов атындағы мемлекеттік ұшу-сынақ орталығынан көтерілген.
Путин мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын да тексерді. Президентке "Кинжал" гипер дауысты МиГ-31К тосып жойғыш ұшағын таныстырылды. Сондай-ақ ұшқышы жоқ ұшақтар, радиолокациялық және зенит-ракета С-350 "Витязь", "Тор-М2" және "Бук-М3" пен қатар "Панцирь" зеңбірек-зымыран кешендері көрсетілді.
Президенттің қасында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу болды. Оған қоса Бас штабтың жетекшісі Валерий Герасимов, вице-премьер Юрий Борисов, Минпромторгтың басшысы Денис Мантуров және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері болды. Жаңа жиынтықтар көрсетілгеннен кейін Путин Су-57 жойғыш ұшқыштарымен сөйлесті.
Показать комментарии
Читайте также