Қайтыс болған сүйіктісі түсіне кіре берген жігіт оны көрінен қазып алып, өртеп жіберген

Юрий Головин. © znak.com

Ресейді? Курган ?аласыны? т?р?ыны Юрий Головин ?ызды? денесін к?рінен ?азып алып, т?сіне кіре бермесі ?шін ?ртеп жіберген, - деп хабарлайды Znak.com. Ер адам мен оны? досы к?мілген жерді ?орла?аны ?шін (РФ ?К 244-бабы айыпталды. 

Ресейдің Курган қаласының тұрғыны Юрий Головин қыздың денесін көрінен қазып алып, түсіне кіре бермесі үшін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Znak.com. Ер адам мен оның досы көмілген жерді қорлағаны үшін (РФ ҚК 244-бабы айыпталды. 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2017 жылы тамызда мас күйдегі жігіттер таксимен Менщиково ауылындағы молаға келіп, бес жыл бұрын қайтыс болған қыздың мәйітін қазып алған. Олар сол жерде суретке түсіп, кейінірек "ВКонтакте" желісіндегі еске алушылар тобында жариялаған. Сосын табытпен қыздың сүйегіне бензин шашып, өртеп жіберген. 

Ұсталғаннан кейін, ер адам түнгі жаман түстерден құтылу үшін осындай әрекетке барғанын айтады. Оның айтуынша өлген қыз түсінде өзімен бірге кетуге шақырады екен. Тірі кезінде қызбен жігіт бір айдай уақыт жүрген. Айырылысқаннан кейін екі ай өткенде, қыз өзіне қол жұмсаған. "Мен бұл туралы интернеттен оқыдым. Осы әрекетімнің арқасында мен одан құтылдым - ол менің түсіме кірмейтін болды", - деді Головин. 

Реклама
Реклама

Қыз бала балалар үйінде тәрбиеші болып қызмет істеген. Ол 2012 жылы сәуірде балалар үйіндегі бөлмесінде өз өзіне қол жұмсаған. Кейін осы оқиғадан кейін Менщиково ауылында тұратын қыздың таныстары моладан әрдайым жігітті көретіндерін айтқан. Олардың айтуынша, ол сол жерде ұзақ уақыт бойы отырып, кейде ұйықтап қалатын немесе ішімдік ішетін болған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама