Қазақстан азаматы Ресейде банкомат жүйесін бұзып, миллион рубльді ұрлады

© astrakhan-24.ru

Ресейде 33 жаста?ы ?аза?станды? ноутбукта?ы ба?дарламаны? к?мегімен банкоматты б?зып, миллион рубльді ?олды ?ылды, алайда дабыл ?а??ыш ?осылып, ?ры ?ашып кете алмады, деп хабарлады "Астрахань 24" агенттігі. 

Ресейде 33 жастағы қазақстандық ноутбуктағы бағдарламаның көмегімен банкоматты бұзып, миллион рубльді қолды қылды, алайда дабыл қаққыш қосылып, ұры қашып кете алмады, деп хабарлады "Астрахань 24" агенттігі. 

Астраханда Қазақстан тұрғыны түн ортасында Островский көшесіндегі банкоматты бұзған. Оның қылмысты жүзеге асыруына сыбайласы көмектескен.

Өңірлік прокуратураның тұжырымы бойынша, ер адам ноутбукты банкоматқа қосу үшін оның корпусын бұзған. Гаджетте сигнал беретін бағдарлама болыпты, сол арқылы банкоматты бұғаттаған ол ақшаны шығарып алды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, банкоматта қалған тағы бір миллион рубльді қазақстандық алып кете алмады, себебі сол кезде дабыл қаққыш қосылып, полицейлер оқиға болған жерге жетті.

Қылмыстық іс қаралым үшін Астрахан қаласының Совет аудандық сотына жіберілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама