Қазақстандық банкир ресейлік әншінің пәтерін сатып алды - БАҚ

© hochu.ua

Қазақстандық банкир ресейлік әншінің үйін сатып алды. Realt.by порталы жыл басынан бері Минскіде сатылған ең қымбат пәтерлердің рейтингін жасады, - деп хабарлайды "Наша Нива".

Әнші Анжелика Агурбаштың Пионерская көшесінде орналасқан екі қабатты пәтерінің 435 мың долларға сатылғаны айтылады. Қымбат үйдің ауданы - 212,3 шаршы метр. Бір шаршы метрінің құны екі мың доллардан асады екен. Келісім биыл ақпанда тіркеліпті.

Реклама
Реклама

"Наша Нива" басылымы бұл үйді қазақстандық банкирдің сатып алғанын хабарлап отыр.

Айта кетейік, ресейлік әнші Анжелика Агурбаш қазақстандық бизнесмен Анатолий Побияхомен айырылысып кеткен еді. 

Анжелика Агурбаш пен Анатолий Побияхо. © woman.ru

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама