Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр, олардың ішінде 10 бала бар - ҚР СІМ

© REUTERS

?аза?станды?тарды Ирактан эвакуациялау?а дайынды? ж?ріп жатыр. Б?л туралы ?Р Сырт?ы істер министрлігі баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Қазақстанның 14 азаматының Ирактағы қарулы қақтығыстар аймағынан шығарылғаны жайлы мәлімет алдық. Олардың ішінде бір ер адам, үш әйел және он бала бар. Қазіргі уақытта олар Иракта, эвакуацияға дайындалып жатыр. Иорданиядағы Қазақстан елшілігінде дипломаттарымыз осы мәселемен айналысып жатыр. Кейінірек толығырақ мәлімет берілетін болады", - деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров гуманитарлық операция аясында Ирактың Таль-Афар қаласынан алты ресейлік пен алты қазақстандық азаматтың эвакуацияланғанын айтқан болатын. Қадыровтың айтуынша, адамдарды босату операциясына Ирактың арнайы қызметіндегілер мен құқық қорғау органдары қатысып жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама