Қазақстанның СІМ басшысы Түркияда өткен саммитте мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысыны? тапсырмасымен ?аза?станны? сырт?ы істер министрі ?айрат ?бдірахманов 2018 жылы 14 мамырда Газа секторында бол?ан о?и?а?а байланысты Ислам ынтыма?тасты? ?йымыны? т?ра?асы - Т?ркия Республикасыны? президенті Реджеп Тайып Ердо?анны? бастамасымен Ыстанб?лда ?йымдастырыл?ан ИЫ? т?тенше саммитіне ?атысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2018 жылы 14 мамырда Газа секторында болған оқиғаға байланысты Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы - Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанның бастамасымен Ыстанбұлда ұйымдастырылған ИЫҰ төтенше саммитіне қатысты.

Қазақстан тарапы Палестинадағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылығын білдіріп, бейбіт халыққа қарсы қарулы күш қолданылуына қарсы екендігін жеткізді, сондай-ақ зорлық-зомбылықты дереу тоқтату үшін халықаралық қауымдастықты барлық мүмкін шараларды қолдануға шақырды.

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомствосының басшысы әртүрлі этникалық топтар мен діни нанымдарды ұстанған халықтардың ортақ үйі болып табылатын Иерусалим қаласындағы палестиналықтар мен израильдіктер бір-бірінің өмір сүру құқықтарына құрмет көрсету қажеттілігін баса айтты.

Реклама
Реклама

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының шешімдері мен қарарларына қатысты өз айнымастығын растай отырып, Сыртқы істер министрі Қазақстанның Таяу Шығыстағы жағдайды саяси диалог жолымен бейбіт саяси процесінің аясында толыққанды реттеу үшін дереу, дәйекті және жанжақтышешімдер қабылдануына қолдау көрсететінін баяндай келе, Израиль мен Палестина басшылығын екі мемлекеттің бейбітшілікте өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдар жасауға шақырды.

Ыстанбұлдағы Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше саммитіне ИЫҰ-ның 40-тан астам мүше елдерінен мемлекет, үкімет, парламент басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысты. Саммит нәтижесінде коммюнике қабылданды. Құжатта ИЫҰ елдерінің өкілдері Палестина халқына толық және жанжақты қолдау білдірді.

Саммиттің аясында Әбдірахмановтың БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелері бойынша көмекшісі Мирослав Енчамен кездесуі өтті. Сұхбаттасушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде, оның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі тұрғысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама