Қазнетте тарап жүрген видео қайда түсірілген?

Қазнетте тарап жүрген видео қайда түсірілген? Видео кадры

Желіде бала анасының көзінше люкке құлап кеткен бейне пайда болды. Оны Қазнет пайдаланушылары да таратып жатыр. Алайда кейбір мәлімет бойынша бұл оқиға Татарстанда болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Видеода әйел көшеде балалар арбасымен жүргенін, оның жанында кішкентай баланың жүргенін көруге болады. Кенеттен құдықтың қақпағы аударылып кетіп, бала ішке құлап кетеді. Әйел оған көмекке түсіп, құдыққа куәгерлер де жүгіріп тез арада баланы шығарып алады. Баланың денсаулық жағдайы белгісіз.

Жарнама
Жарнама

Оқиға Татарстан Республикасында түсірілген болуы мүмкін, бұл жайтты елдің прокуратурасы тексеріп жатыр. Егер бұл факт расталса, коммуналдық қызметтер мен басқа да жауапты ұйымдардың қызметін тексеру және бағалау ұйымдастырылады.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама