Қырғыз саясаткері мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деген күдікке ілінді

© РИА Новости

?ыр?ызстанда Мемлекеттік ?лтты? ?ауіпсіздік комитетіндегілер билікті басып алма?шы болды деген к?дікпен "Мекенчил"  саяси партиясыны? м?шесі Мелис Аспековті ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??КМ баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанда Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер билікті басып алмақшы болды деген күдікпен "Мекенчил"  саяси партиясының мүшесі Мелис Аспековті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚКМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын "Қырғызстан" саяси партиясының лидері мен парламент депутаты Қанатбек Исаев ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, олар Омурбек Бабанов президенттікке сайлауда жеңілген жағдайда билікті басып алмақшы болған. Аспековтің те осы іске қатысы бар делінеді.

"Аспеков белгілі бір топтың мүддесін қорғау мақсатында және президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін республикада билікті басып алмақшы болды. Сондай-ақ, Аспеков Исаевпен және "Республика" партиясының басқа мүшелерімен сайлау кезінде және сайлау қорытындысынан кейін жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу басқармасы осы дерек бойынша 27-бап, 233-баптың 1-бөлігі бойынша және 295-бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Аспеков уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама