Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасады

?ыр?ызстан президенті Алмазбек Атамбаев кейбір БА?-тар мен саясаткерлерді? ма?саты елдегі жа?дайды т?ра?сыздандыру мен мемлекет басшысыны? беделін т?сіру екенін м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кейбір БАҚ-тар мен саясаткерлердің мақсаты елдегі жағдайды тұрақсыздандыру мен мемлекет басшысының беделін түсіру екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы кездері Қырғызстан Республикасында баспасөздегі сөз бостандығы деп ұрандатып жүрген тәуелсіз журналистер, БАҚ-тар мен саясаткерлер өздеріне ұнамайтын адамдардың, бірінші кезекте тәуелсіз Қырғызстан президентінің атына кір келтіріп, адамдарға жала жабу құқығын беруді талап етіп жатыр. Мұндай әрекеттер соңғы жылдары жекелеген БАҚ-тарда, тіпті әлеуметтік желілерде былтыр жаздан бері күшейіп жатыр. Өтірік, өсек-аяң мен масқаралау. Журналистер мен БАҚ-тардың басты міндеті - адамдарға жалған ақпарат пен өсек-аяң жеткізу емес, шын әрі боямасыз ақпарат пен объектив деректерді жеткізу екенін еске салғым келеді", - деді Алмазбек Атамбаев мәлімдемесінде.

Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстанға бейбітшілік, тұрақтылық, бірлік пен ынтымақтастық керек.

Реклама
Реклама

"Қырғызстан азаматтарына тәуелсіз журналистердің, БАҚ-тардың және саясаткерлердің негізгі мақсаты ақиқатты іздеу емес, керісінше, қазіргі мемлекет басшысына қатысты өсек-аяң таратып, қараша айында өтетін президент сайлауы алдында елдегі жағдайды тұрақсыздандыру. Еліміздегі тиісті органдарға сөз бостандығы дейтіндерге заңды орындау президентке қана емес, бәріне де міндет екенін еске салу керек", - делінген мәлімдемеде.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама