Қырғызстан президенті Қазақстанға ұлттық бас киімін киіп келді

Қырғызстан президенті Қазақстанға ұлттық бас киімін киіп келді © president.kg

Алмазбек Атамбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы президентінің сайтына сілтеме жасап. Атамбаев ұшақтан ақ қалпақ киіп түсті - қырғыздың ұлттық бас киімі.

Сапары барысында Атамбаев ТМД елдері басшыларының кезекті кеңесіне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысады, бұл шаралар Бурабайда өтеді.

Кеңеске Александр Лукашенко да ұшып келді. Беларусь президентін әуежайда гүлмен қарсы алды.

Жарнама
Жарнама

© president.gov.by 

Қазақстанға сонымен қатар, Армения, Тәжікстан, Өзбекстан мен өзге де елдердің басшылары келеді деп күтілген. 15 қазанға қараған түні Астанаға Ресей президенті келді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама