Қырғызстан түрмесінде қашқын экстремистердің үшіншісі қайтыс болды

Мұратбек Жұмалиев. © zanoza.kg

Қырғызстан түрмесінен қашып, ұсталған бесеудің осымен үшіншісі емдеу блогында көз жұмды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Жазаны өтеу мемлекеттік қызметіндегілер (ЖОМҚ) растады.

Мұратбек Жұмалиев ұсталғаннан кейін Бішкек түрмесіне қамалған. Ол кеше ауруханаға түсті. Қылмыскердің неден қайтыс болғаны әзірше белгісіз. ЖОМҚ мәліметтері бойынша, Мұратбек Жұмалиев 2012 жылы 15 мамырда сотталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған, сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, бұған дейін түрмеде Таалайбек Жұманов пен Бақыт Кенжеғұлов қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама