Қырғызстанда Атамбаевты ұстау кезінде зардап шеккендердің саны 136 адамға жетті

Камила Долаева Журналист
Sputnik/РИА Новости

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Кой-Ташада ұстау кезінде зардап шеккендердің саны 136 адамға жетті. Бұл туралы республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды vesti.kg тілшісі.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, түрлі ауруханаға барлығы 109 адам жеткізілген, 27 зардап шеккен жанға Қой-Таш ауылында медициналық көмек көрсетілген.

Ауруханаларда әлі 14 адам жатыр. Дәрігерлер Шу облысы МІІД басшысы Самат Құрманқұловтан басқаларының жағдайын тұрақты деп отыр. Бұған дейін оның жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын. Кейін Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама