Қырғызстанда кафеде төбелескен трансвеститтер журналистерге де шабуылдаған

Қырғызстанда кафеде төбелескен трансвеститтер журналистерге де шабуылдаған "Пирамида" арнасының кадры

Қырғызстанда "НТС" арнасының түсіру тобы мен "Кайгуул ТВ" бағдарламасының жүргізушісі Азият Жекшеевке бірнеше трансвестит шабуыл жасаған. Олар оператордың камерасын күл-талқан еткен, - деп хабарлайды "Ночной патруль" бағдарламасы.

Жекшеевтің өзі оларға кафе күзетшісі қоңырау шалып, төбелес шыққаны туралы хабарлағанын айтады. Осыдан кейін кафеге қыз боп киінген үш жігіт ақша төлегісі келмей шу шығарған көреді. Ал "қыздар" өздерін түсіріп жатқанын көрген кезде жүргізуші мен операторға тап берген. 

Оқиға орнына келген полицейлер трансвеститтерді тәртіпке келтірмек болады. Алайда ашулы "қыздар" барынша қарсылық танытып, патрульдік көліктің терезесін сындырған. Қазіргі кезде оқиғаны елдің құқық қорғау органдары тергеп жатыр. 

Жарнама
Жарнама

Назар аударыңыз, бейәдеп сөздер бар! 

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама