Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

© Tengrinews.kz

?ыр?ыз Республикасында президент сайлауын ж?ргізетін сайлау учаскелері ?з ж?мысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғыз Республикасында президент сайлауын жүргізетін сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, президент сайлауы бүгін, 15 қазанда сағат 8.00 мен 20.00 аралығында өтеді.

Реклама
Реклама

Сайлауға  11 үміткер қатысып отыр: Эрнис Зарлыков, Токтоайым Уметалиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров пен Арсланбек Малиев.

Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, оның 234-і -- Бішкекте.

Сағат 20.00-ден кейін бюллетендер саналып, сайлаушылардың даусы саналады.

Сағат 21.00-ге дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялау жоспарланып отыр. Айта кетейік, нәтиже Қырғыз Республиксы Орталық Сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланады.

Қырғыз Республикасы президенті 2017 жылдың 4 қарашасына дейін анықталады.

Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама